Атырау қаласындағы «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі мен №41 мектеп-гимназиясы аумағында «Оқушылар аллеясы» ашылды.
Көгалдандыру жұмыстары аясында 50 ағаш егілді.
«Аллея ашудағы мақсат – оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу. Отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау енді ұдайы жүргізіліп тұратын болады» дейді ұйымдастырушылар.
Шара аясында оқушылар арасында ұлттық ойындар – арқан тартыс және асық атудан сайыс ұйымдастырылды.
Atr.kz



