«Даму» дем берген кәсіптер

ngegegnengegne Экономика

ҚАЗІР КӘСІП БАСТАҒЫСЫ НЕМЕСЕ ОНЫ ДАМЫТҚЫСЫ КЕЛГЕН ЖАННЫҢ БӘРІНЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАТЫН ҰЙЫМДАР ӨТЕ КӨП. СОНЫҢ БІРІ – «ДАМУ» ҚОРЫ.

Биыл 8 айда Атырау облысында қордың талаптарына сай келген 203 жобаға 15,0 млрд. теңге субсидия берілген. Кепілдендіру бойынша 123 жоба лайықты танылып, 6,7 млрд. теңге несие алған. Портфельдік кепілдендіру бойынша жалпы құны 2511,7 млрд. теңгелік 340 жоба өз жұмысын бастады. Демек, өңірде 700-ден астам кəсіп жолға қойылып, осынша жұмыс орны ашылған. Мемлекет қамқорлығының да бір бағыты – халықты кəсіппен қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздықты жою.

Үкімет пен кəсіпкердің арасында алтын көпірге айналған «Бəйтерек» «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Дамудың» бизнесті дамытып келе жатқанына 25 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай қор кеңсесінде жалпыреспубликалық «Ашық есік» күні өтті. Іс-шараға қордың қамқорлығын көрген кəсіп иелері мен қор жұмысымен танысуға келген жандар көп болды. Солардың бірі «Sova school» интеллектті дамыту орталығы жəне жекеменшік мектебінің басшысы Назымгүл Сағыналиева «Дамудың» көмегімен бастапқыда орталық, кейін 1-4 сынып оқушыларына арналған жекеменшік мектеп ашып, жұмыс жасап отыр.

– Шағын кəсіпкер өз қаражатымен ғимарат тұрғыза алмайды. Сондықтан мен осы «Дамудың» көмегіне жүгіндім, – деді ол. Əрбір кəсіпкер «Даму» қорының жұмысымен таныса алады. Орталыққа келген əр адамға кеңес беріп, оның сұранысына, яғни ашқалы отырған кəсібіне сай бағдарламалар таңдап, бағыт-бағдар береміз жəне мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, кəсібін бастауға қолдау жасаймыз, – деді «Даму» қорының Атырау облысы бойынша директоры Жандос Нұрғазинов.

Кəсіпкерде «Дамусыз» да кез-келген банктен несие ала аламын ғой» деген ой тууы мүмкін. Иə, ол даусыз. Бірақ, ол тікелей банктен алса, оны бірнеше есе пайызбен қайтарады. Ал, мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» қоры арқылы қол жеткізсе, банктің пайызын оның кəсібін қолдау мақсатында Үкіметтің өзі төлейді. Кəсіпкер үшін банкке де, өзге лизингтік компанияларға да кепіл болады. Сондықтан да қаламызда «Дамумен» бірге дамыған кəсіптер қатары өте көп.

Салтанат САНСЫЗБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз