Құрманғазыда 137 дана заңсыз киік мүйіздері тәркіленді

730853c0 a478 4d5e 8d59 0aeb4d19d9ce Жаңалықтар

24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйіздері және 1 дана қол арасын анықтап, тәркілеген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз