ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Атырау облысына іссапармен келді

348908bd cd31 4fc9 b9d3 e764890d878a Жаңалықтар

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Атырау облысына іссапармен келді. Абай атындағы оқушылар орталығында өткен басқосуға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен журналистер қауымы қатысты.

Басқосуда еліміздің мәдениет және ақпарат саласындағы қолға алынған тың жаңалықтар айтылды.

8ca3497e 861d 4168 a362 217dc01ab271 1

–Келесі жылы «Мәдениет және кинематография туралы» жаңа заң жобасы дайындалады. Құжат жобасын дайындау барысында сала қызметкерлерінің жалақыларын көтеру, архивтер жөнінде де бірқатар мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар беріледі. Бұдан басқа, бүгінде журналистика саласында айтылып жүрген мәселелер аз емес.  Бізге қарасты салалардың жұмысы министрлік тарапынан қалыс қалмайды. Дін саласында, Қазақстан халқы Ассамблеясында, жастар саясатында да бірқатар проблема ның бары рас. Сонымен қатар инклюзия мәселесі – бүгінгі қоғамның басты назарда. Бұл жөнінде үкіметтік емес ұйымдармен де кездесулер ұйымдастырылып, шешімін таппаған жұмыстар қадағалауға алынып жатыр, – деді Данияр Қадыров.

b0a04961 6ebc 46f5 ad69 4271127a3c74

Жиында бүгінгі таңда қоғамдық бақылаудың маңыздылығы да айрықша атап айтылды.

– Елде «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойылды. Алдағы уақытта күшіне енеді. Бұл заңдылық аясында ендігі уақытта тек құзырлы мекеме өкілдері ғана емес, әрбір азамат қоғамдық бақылау жүргізе алады. Мәселен, кімде-кім мектеп асханаларындағы талапқа сай емес олқылықты байқаса, оны өзі тарапынан мәселе көтеріп, проблеманың жылдамырақ шешілуіне оң ықпал ете алады. Жалпы бұл заң қоғамдағы біраз мәселенің алдын алары сөзсіз деп жоспарлануда, – деді Д.Қадыров.

Вице-министр атыраулық жұртшылықпен кездесуінде өңірдегі проблемалар мен ұсыныстарға да құлақ түрді. Жастар театры басшысының уақытша міндетін атқарушысы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әміржан Нұрланұлы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысының төмендігін алға тартып, министрлік тарапынан қолдау қажеттігін жеткізді.

e7780484 3e3b 486a 9bdc 91992cfc145e 1

– Мәдениетті елдің мәртебесі қашан да биік. Сондықтан сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау маңызды. Бүгінгі нарықтағы қымбатшылықта 150-180 мың теңге жалақымен өмір сүруі оңай емес. Олай болса мәселені министрлік тарапынан көтеріп, жылдар бойы қордаланған проблеманың түйіні шешілсе, – деді ол.

Аталған мәселе ұдайы министрліктің назарында екенін атап айтқан Данияр Рамазанұлы бұған дейін республикада 64 мың мәдениет саласы қызметкерінің жалақысы 45%-ға көтерілгенін, алдағы уақытта республикалық бюджеттен тағы да жалақы өсіру үшін ұсыныстар жинақтаудың маңыздылығын жеткізді.

Жиыннан соң вице-министр Данияр Қадыров азаматтарды жеке қабылдап, әрқайсысының сұрақтарына жауап берді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз