Облыстағы шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі арнайы мамандар бақылауында

4p5a9821 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау көлік прокурорының міндетін уақытша атқарушы Саят Сеитжан жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе – су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында құзыретті органдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Осыған орай су көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасы ету, оның ішінде облыс аумағында апатты жағдайлардың алдын алу, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында уәкілетті органдардың құзіреттілігі шеңберінде профилактикалық шараларды күшейту қажет,- деді С.Сеитжан.

Сонымен қатар, 17 сәуір күні су көлігін пайдалану қауіпсіздігін бақылау барысында жауапты мамандар кеме иелерімен, шағын көлемді кемелер тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Оларға шағын көлемді флотты қауіпсіз пайдалануды реттейтін заңнама талаптары түсіндіріледі.

-Көктемгі уылдырық шашу кезеңінде үлкен моторлы кемелерге жүруге тыйым салынған. Суда жүруге балық шаруашылығы инспекциясының келісімі негізінде жүруге рұқсат етіледі. Мұндай рұқсатты заңды тұлғалар мен балық аулаумен және кәсіпкерлікпен айналысатындарға ғана береді. Жеке тұлғаларға тек 20 ат күші бар моторлы кемеге рұқсат етілген. Мәселен былтыр белгіленген тәртіппен тіркелмеген бір қайық анықталды.  Және ол ақылы  автотұраққа қойылды,- деді облыстық Көліктік бақылау инспекциясының Көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы Жомарт Құспанов.

Айта кетейік, былтыр өткізілген шараның барысында шағын кемелер тексеріліп, нәтижесінде 63 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Солардың ішінде кемені жеке құтқару құралдарынсыз басқару және кеме құжаттарының болмауы,  жолаушыларды артық алу сияқты заң бұзушылықтар жиі кездескен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз