Миялылық 559 тұрғын эвакуацияланды

f44e290d c61c 43cd a024 ee69ee88e304 Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылқоға ауданының орталығы Миялыда 31 наурыз сағат 17:45-тен бастап ауыл тұрғындарын халықты қабылдаудың 3 пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды.

Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Миялы ауылының 559 тұрғыны, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды.

  1. Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп: 210 адам, оның ішінде 124 бала;
  2. Ы. Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның ішінде 53 бала;
  3. «Нұршуақ» балабақшасы: 270 адам, оның ішінде 150 бала;

Тұрғындарды эвакуациялауға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен бірнеше қызметкер мен техника жұмылдырылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз