МЕЙІРІМ ҚАЛАУИ: ИНДЕРДЕ ҚЫТАЙЛАР ЖОҚ (+ВИДЕО)

2019 03 06 092433719600 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/7-наурыз. 2019 жыл.  Индер ауданында қытайлар жоқ, деп мәлімдеді аудан әкімі Мейірім Қалауи.

Еске сала кетелік, әлеуметтік желіде Индер ауданында қытайлық компаниялардың  алаң құрып, жұмыс бастап кеткені туралы әлдебір бейнетүсірілім таралып кетті. Бейнетүсірілімнің авторы Индерден 100 шақырым, Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауылынан 180 шақырым жерде қытайлықтардың небір жұмыстар үшін көптеген техника құралдарын әкеліп, қызу жұмыс жүргізіп жатқанын баяндаған. Бұл мәліметтің қаншалықты рас екендігін анықтау үшін біз Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауиға хабарласып, төмендегідей жауап алдық.

– Индер Атырау облысындағы мұнай өндірмейтін жалғыз аудан. Тайпақ-  Батыс Қазақстан облысы Акжайык ауданындағы ауыл. Қытай компаниясының аудан территориясында жұмыс жүргізіп жатқаны туралы таратып жүргені жалған ақпарат,- деді Индер ауданы әкімі Мейірім Қалауи.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз