«Авангард-3» мөлтекауданында бес қабатты үй өртенді (+ВИДЕО)

screenshot 20220216 101529 com.whatsapp Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер өрт шыққан үйден алпысқа жуық тұрғынды эвакуациялады.

Бүгін,16 ақпан күні сағат 06:00 шамасында Авангард-3 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің үшінші қабатында өрт шыққаны туралы 102 операторына хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу барған патрульдік полиция автопатрульдеу экипажының қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жәнібек Елемесов пен полиция аға лейтенанты Еламан Төлешов бес қабатты үйдің әр пәтерінің есігін қағып, алпысқа жуық тұрғынды дереу сыртқа шығарды.

– Көршіміздің балконынан өрт шыққан. Оны өздері білмейді, әбден өрт болғанда білген. Дереу полицейлер мен өрт сөндірушілердің көмегімен киініп далаға шықтық –  деді өрт шыққан үйдің тұрғыны.

– Хабарлама түскен бойда тұрғындарға көмектесуден басқа ештеңе ойлаған жоқпыз. Оларды шұғыл қауіпсіз жерге шығардық – дейді Еламан Төлешов.

Атырау облысы полиция департаменті тұрғындардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз