Атыраулық тұрғын 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген

3dfced1f22dea7bbee8d2050d68cb05e xl 1647254841 Жаңалықтар

15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген атыраулық көмектескен полицейлерге алғысын білдірді.

57 жастағы Атырау қаласынының тұрғыны өз меншігіндегі «Газель» автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Осы уақыттан бері азаматша аталған автокөліктің барлық салықтарын, айыппұлдарын төлеп келген.

«Соңғы 5 жылда ол өзі сатып жіберген маркасы «Газель» автокөлігін іздеп, осылайша, 2022 жылы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған. Автокөліктің барлық ақпараты бойынша көлікті іздеу жұмыстары басталған. Жедел іздеу жұмыстары нәтижесінде аталған автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргендігі анықталып, автокөліктің қазіргі иесі табылды. Аталған көліктің мекен-жайы анықталғаннан кейін 57 жастағы қала тұрғыны 2022 жылы автокөлікті тіркеуден шығарып, осы жылдың 20 наурызы күні автокөліктің қазіргі иесі азаматшаның салықтарын өтеуге келіскен», – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Атыраулық полицейлер көлік сату және сатып алу кезінде барлық құжаттар мен ақпараттарға мұқият болу қажеттігін ескертеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз