Атырау облысында әкім трактормен қар күреді

screenshot 7 1 Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Дамбы ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллиннің трактормен қар күреп жатқан видеосы тарап жатыр. Осыған орай, біз оның пікірін білген едік.

Бейнежазбадан аталған округ басшысының трактор тізгінін өзі қолға алып, қар күреп жатқанын көруге болады.

– Мен тракторист емеспін, бірақ көлік жүргізушісі мамандығын меңгергенмін. 1980 жылдан бері көлік тізгіндеп келемін. 1949 жылы туған ағам Бисенбай Байзуллин Амангелді атындағы колхоздың маңдайалды тракторшысы, əрі көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі, домбырашы, сал сері болған. Мектеп қабырғасында 3-4 сыныпта оқып жүргенімде ол өзінің тракторын үйдің алдына əкеліп қоятын. Сол кезден техникаға қызығушылығым оянды, – деді ол.

Қалаға қар жауған күні Ұзақбай Шораұлы тракторды өзі тізгіндеп, күні бойы ауыл көшелерін қардан күрегенін айтады.

«Алдымен трактор жүргізушісінен қарды қалай күреу қажеттігін сұрап алдым. Түсінген соң рульге өзім отырдым. Менің ойымша, əр азамат ел басына күн туғанда етігімен су кешуге де дайын болуы керек. Сол сияқты, мен де сындарлы сəтте қол қусырып қарап отыра алмадым» деді ауыл əкімі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз