Адвокаттар жаза өтеушілерге тегін заң көмегін көрсетті

screenshot 5 Жаңалықтар

Түзеу мекемелерінде жаза өтеушілердің бостандығы шектелгенімен, құқықтары заң аясында қорғалған. Атыраудағы ерлер колониясында жаза өтеушілерге адвокаттардың тегін заң көмегі көрсетіліп, құқықтық кеңес беру қызметтері үнемі жүзеге асады.

Бұл туралы ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығы бар тұлғалар оның ішінде соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі, сонымен бірге, ҚР қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегін беру талабы анық көрсетілген.

Жуырда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Айбар Қосымбаев Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің №15 мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетті. Кездесу барысында оларды жеке-жеке қабылдап, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңестерін айтты. Сондай-ақ, осындай кездесулер әр аптаның сәрсенбі күні өтетінін де назарға салды.

Ринат Байжанов,
Ерлер колониясы, №15 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімінің бастығы,
әділет капитаны

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз