Адамдарға шабуыл жасайтын ит иелері жауапқа тартылмақ

photo 44441 Жаңалықтар


Осы жылдың 10 айында үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзған 700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 408-бабы).

Естеріңізге сала кетейік, жақында Атырау қаласы маңында ит екі жасар балаға шабуыл жасап, сәби  бас және қолдарындағы жарақаттарымен ауруханаға түскен болатын. Иттің иесіне әкімшілік кодекстің көрсетілген бабы (408 бап) бойынша хаттама толтырылды.

Атырауда  иттердің (соның ішінде қаңғыбас иттердің) адамдарға шабуыл жасауының жалғыз бұл емес. Осыған байланысты, Атырау полицейлері  иелеріне үй жануарларын асырауда, оларды серуендету мен ұстаудың барлық ережелерін қатаң сақтай отырып, жауапкершілік танытуға шақырады.

«Атырау облыстық полиция департаменті»

*Сурет ғаламтордан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз