Президент: Адам саудасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет

d49161919376771034614736672 Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында адам саудасы мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет. Мұндай заң адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғауды және әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл күн сайын артып келе жатқан мәжбүрлі көші-қонның жаһандық және аймақтық процестері жағдайында өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл заңның ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, ең жақсы әлемдік тәжірибені сіңіруі керегін атап өтті.

«Сондықтан оны әзірлеуге отандық сарапшылар және заңгерлермен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін де тарту керек», – деді Президент.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз