Пәтер жалдаудың да тәртібі бар

620f684d26236793310869 Қоғам

ҚАЛАДАҒЫ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРЫНА ОРТАҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ БІРІ – ЖАЛДАНҒАН ПӘТЕРЛЕР. БІР ТАРАП ҮЙ ЖАЛДАУДЫ КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРЫП, ТӘП-ТӘУІР ТАБЫС КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРСА, ЕКІНШІ ТАРАП МҰНДАЙ ПӘТЕРГЕ КЕЛГЕНДЕРДІҢ КӨПШІЛІГІ ЖАУАПСЫЗДЫҚ ТАНЫТЫП, ТҰРАҚТЫ ХАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗАДЫ ДЕП ДАБЫЛ ҚАҒЫП ЖҮР. ОНЫҢ ҮСТІНЕ, КӨРШІ ЕЛДЕГІ САЯСИ АХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ ОБЛЫСҚА ШОҒЫРЛАНУЫ ПӘТЕР ЖАЛДАУ ПРОБЛЕМАСЫН ОДАН ӘРІ КҮРДЕЛІЛЕНДІРЕ ТҮСКЕНДЕЙ. ОЛ, ӘРИНЕ, БӨЛЕК ӘҢГІМЕ.

Жыл басынан бері пәтерін з а ң с ы з ж а л д а п к е л г е н 44 азамат анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Нұрболат Сарманов хабарлады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болғаны – биыл 4299 салық төлеуші тұрғын үйді жалға беруші ретінде ресми түрде тіркелген. Оның 3787-сі – жеке кәсіпкер, 512-сі – заңды тұлға.

– Егер пәтер иесі жалға беру кезінде жылдық табысы 720 мың теңгеден аспаса, онда ол жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Жеке тұлға салық о р г а н д а р ы н а т і р к е л м е с е де, олардың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Бірақ, мұндай жағдайда ол жылдық табысынан 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығын төлейді, – деді Н.Сарманов.

Салық кодексінің 774- бабына сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер деп танылады. Мұндай тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, 3 млн. 599 мың 25 теңгеден аспайтын жылдық табыс ала алады.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз