Болашақ – жастардың қолында

img 20190621 165500 Қоғам

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау Конституциялық мерзімге сәйкес, келесі жылы 10 қаңтарда өтеді. Осы күнге дейін барлық саяси партиялардың науқанға қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформаларын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыттары жеткілікті.

Мемлекет басшысының Үндеуіндегі басты ерекшелік, сайлау науқанына қатысты бірқатар жаңа бастаманың қолға алынуы дер едім. Соның ішінде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілуі назар аудартады.                                       

Бұл бастама расыменен Парламентке және жергілікті өкілді орындарға жастарды тартудың тиімді жолы болып табылады. Қазір әр салада озық ойлы пікірі бар, орын алған мәселелерді шешудің және оның алдын алудың жолдарын ұсына білетін кейінгі буын өкілдері аз емес. Осындай алғыр, әрі жан-жақты білімді жастардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы маңызды.

Тың бастама кемел келешек үшін қолға алынған дүние екені анық. Өйткені, ел болашағы – жастардың қолында. Ал, «Жас  келсе, іске!» демекші, қашан да қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі белгілі. Мағжан ақын айтқандай, қазір біз арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымызға зор сенім артуымыз қажет. Себебі, олар алдына мақсат қойса, алынбайтын асу жоқ екені сөзсіз. Сондықтан, мен бұл саяси науқанға жастарды көбірек қатыстырудың маңызды екенін қолдаймын.

Нұржан ЕРМҰХАНОВ,

облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз