Блогердің бейнежазбасы: бұрыс па, дұрыс па?

screenshot 20240408 213313 instagram Қоғам

Бүгін, 8 сәуірде әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимовтің «ТОYОТА центр» автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүргеніне қатысты бейнежазба таралды. Блогердің мемлекеттік қызметшінің артынан қалмай, ілесе жүріп түсірген бейнежазбасы қоғамда әртүрлі пікір туғызды. Осыған орай облыс әкімінің баспасөз қызметі түсінік берді.
«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «ТОYОТА» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген.
Аталған видеодағы қызметкер ақпаратта айтылғандай әкімнің орынбасары емес. А.Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымында жұмыс жасайды.
Ал, блогер ақпаратты бұрмалау арқылы арандатушылық жасаған.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде өздерін қоғам белсендісі санап жүрген азаматтардың мемлекеттік қызметшілерді әртүрлі арандату арқылы ақпаратты өз пайдасына бұрмалап беру әрекеттерін құп көрмейтінімізді жеткіземіз», – дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз