АТЫРАУЛЫҚ ӘЙЕЛ БІР АЖАЛДАН АМАН ҚАЛДЫ…

screenshot 20220906 192656 Қоғам

Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде әйел адам аман қалды
06 қыркүйек күні 17:17 сағатта Атырау қаласы, Вокзал маңы, 3 «А» ы/а, №53 «А» көп қабатты үйдің пәтерінде егде жастағы анасы есік ашпайтындығы жөнінде ұлынан хабар түсті. Жедел – құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдар арқылы есікті ашқан кезде пәтерде әйел адамның сырқатынан құлап жатқанын анықтады. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде әйел адам аман қалды. Пәтер есігін ашуға жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз