МҰНАЙ БАҒАСЫ ТАҒЫ ТӨМЕНДЕДІ

Оңтүстік Шығыс Азия биржасындағы саудада Brent маркілі мұнай баррелінің құны 45,02 долларға дейін төмендеді.

Техастық  WTI мұнайының баррелі де 39,85 долларға  түсті.

Бұл – 2009 жылғы наурыз айынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Негізгі қор индекстері де құлдилады. Токио биржасы – 2,44%, ал Гонконг биржасы – 3%-дан астамға төмендеумен ашылды, Шанхай биржасы 5%-ды жоғалтты.

Жексенбі күні Таяу Шығыстағы биржадағы саудада бағаның күрт төмендеуі байқалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз