Баспана аламыз деп алданған атыраулықтарға министр көмектеспек

12274706448023 Экономика

2020 жылы рұқсат құжаттарынсыз басталған «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 пайызға ғана орындалған.

Ал, «Акмаржан»  тұрғын үй кешені 90%-ға бітіп тұр. Кешен аумағы абаттандырылмаған, үй сыртқы инженерлік желілерге қосылмаған және бес кіреберіс әрленбеген. Былтыр Атырау қалалық полиция басқармасы қос кешен басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен болатын. Барлығы 76 пайшы жәбірленуші ретінде танылып, биыл 31 наурызда кешен басшылары қамауға алынды.

Бүгін Атырауға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бұл мәселе шешімін табады деп сендірді. Баспаналы боламыз деп біраз уақыт сергелдеңге салынған азаматтарға министрлік тарапынан көмек көрсетілетін болды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесін ескере отырып, қосымша инвестор тарту және ме рзімінен кешіккен құрылысты аяқтау үшін уәкілетті ұйым құру ұсынылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз