ВОЛОНТЕР БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ…

whatsapp image 2021 10 05 at 16.03.49 Жаңалықтар

Өзіңіз секілді ізгі жандармен танысып, ізгі істерге атсалысамын десеңіз «Азаматтық орталық» жанынан ашылған «ВОЛОНТЕРЛЕР КЕҢСЕСІНЕ» шақырамыз!

Көптеген елдерде волонтерлердің қоғамдағы рөлі ерекше. Пандемиямен күрес кезінде волонтерлердің ел үшін атқарған ерен еңбегі – патриотизмнің, қайырымдылықтың және қамқорлықтың жарқын көрінісі екені сөзсіз. Алдағы уақытта халық үшін іске асыруға болатын жобалардың туындауына волонтерлер арасындағы достық қарым-қатынастың, еркін кездесулердің де ықпалы зор.

Біздің тараптан волонтерлер үшін:

Волонтерлік қызметі барысында келеңсіз жағдайға кезіккен барлық волонтерлерге әрдайым психологиялық көмек;

Алғашқы медициналық көмекті үйрету;

Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы көмек тренингі;

Тимбилдинг;

Тиімді әрі еркін кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда

Байланыс телефоны: 8 778 777 89 94 – Ақбөбек Тәттібекқызы

Немесе «Азаматтық орталық» инстапарақшасына @gcenter.atr жазсаңыз болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз