Құлсары-Атырау: пойыз тегін қатынайды

img 20240404 wa0256 Жаңалықтар

Жылыой ауданында бесінші сәуірден бастап Құлсары-Атырау бағытында 5 вагондық пойыз тегін қатынайды. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

-Пойыз 5 сәуір сағат 10:30-да Құлсары станциясынан Атырауға жүретін болса, 19:00-де Атыраудан Құлсарыға келеді. Сондай-ақ, жолаушының сұранысы бойынша жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат станцияларына тоқтайтын болады. Төтенше жағдайға байланысты пойыз тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді, – дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз