Миялыда эвакуациялық пункттер тексерілді

8b4d74f2 2382 4f19 af60 e5fea5a1bf56 Жаңалықтар

Қызылқоғадағы төтенше жағдайға байланысты Миялы ауылының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Жаңабаев Миялыдағы қабылдау пункттеріне барып, тұрғындардың жағдайын көріп қайтты. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

–Миялыға тасқын қаупі төніп тұрғанымен, судың деңгейі – 1 метр 20 санитметр. Ал біздің соққан бөгеттердің биіктігі – 2 метр. Қазіргі эвакуация жұмыстары уақытты тиімді пайдалану үшін жарияланып отыр. Алдымыз түн болғасын сақтық үшін тұрғындарды осында әкелдік. Сондықтан еш дүрбелеңге салынбай, сабыр сақтау керек. Жағдай қатаң бақылауға алынып отыр, – деді Қ.Әзмұханов.   

Айта кету керек, қазір судың қарқыны әлі басылмады. Сын сағатта 400-ге жуық мекеме қызметкерлері мен еріктілер ауылды тасқын судан аман қалу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз