Атырауда «Бастауыш мектеп – тұлғаны қалыптастыру кеңістігі» форумы өтті (+ВИДЕО)

img 20220417 wa0056 Білім

       Атырау облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш мектеп – тұлғаны қалыптастыру кеңістігі» деген  тақырыпта облыстық форум өтті.

Видео:

https://youtube.com/shorts/DVp_IErAnlU?feature=share

Бастауыш сыныптардағы тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі бойынша мәселелерді шешу, білім беру үдерісінің тиімді жолдарын талқылау мен тәжірибе алмасуды мақсат тұтқан форумға қала мен аудандардың бастауыш сынып мұғалімдері, әдіскерлер, басқа да қонақтар қатысты.

      Облыстық форумда тәлімгерліктің тәлім алушының кәсіби дамуына ықпалы, жас мұғалімдер мектебінің жұмысы, сабақты зерттеу үдерісінің жүргізілуі, бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жұмыстары жайында әңгіме өрбіп, мектептерде жүргізіліп жатқан жобалар жұмысынан көрмелер ұйымдастырылды.

Атап өтетін болсақ, мұғалімдер топтарға бөлініп, «Білім берудегі заманауи АКТ», «Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі», «Әдістемелік шеберхана: мұғалім үшін тәжірибе мен теория», «Критериалды бағалау – сапалы оқу кепілі», «Ұстаз мақтанышы – шәкірт жетістігінде», «Читательская грамотность: актуальность, проблемы» атты тақырыптарда секция жұмыстары өтті.

      Сондай-ақ, «Әліппені оқу мен оқытудағы инновациялық тәсілдемелер» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш білім беру кәсіби даярлау» бөлімінің жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әзия Жұмабаева, «Бастауыш сыныптағы математика пәні оқу бағдарламасының мазмұны мен көлемі» тақырыбында «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығының Бас директоры Ырысбек Мәуіт, «Бастауыш білім беру деңгейінің педагогын сапалы дайындау мақсатында білім бағдарламаларын жетілдіру» тақырыбында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Инновациялық білім беру» факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Мұхамбетжанова мұғалімдерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, әріптестік қолдау көрсетті.

Лиза СЕЙТІМОВА

Сурет пен видео автордікі

img 20220417 wa0054
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз