Мақаттық еріктілер құлсарылықтарға көмектесуде

img 20240406 wa0308 Қоғам

Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғындар мақаттық және атыраулық еріктілердің көмегімен Атырау қаласына тегін жеткізілуде.
Бүгін сағат 12.30 шамасында Мақат ауданына құлсарылық тұрғындар аман-есен жеткізілді. «Құлсары-Мақат» пойызымен келген 565 жолаушы мақаттық және атыраулық еріктілердің көмегімен 78 жеңіл автокөлікпен Атырау қаласына жөнетілді.
Сондай-ақ Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін Мақат ауданынан 220 адамды орналастыруға арналған 6 мектеп дайындалды.
Майра ЕРҒАЛИ
Мақат ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз