Азаматтардың еңбегі еш кетпесе екен

07207433 a6da 4ba3 a3a0 a7006eb995f5 Қоғам

Бүгін ғана облыстағы табиғи жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, батыл шешімдер қабылданатындығы айтылды. Осы орайда ел басына күн туып, сын сағатына түскен уақытта Атырау халқын бірлік пен ынтымаққа шақырғым келеді.

Тілсіз жаудың ортасында қалған Жылыой халқына сабырлық тілеймін! Ендігі уақытта мұндай қиын-қыстау кезеңде бірлесіп атқарар жұмыстарға бойында күш-қуаты бар барша азаматтарды шақырамын. Жер-жерде бөгет салу жұмыстарына жұмылып жатқан азаматтардың еңбектері еш кетпей, тілеулері қабыл болса екен.

Ендігі мақсат – Жайық бойын жағалай орналасқан елді мекендерге төніп тұрған қауіптің алдын-алу. Ол үшін күні-түні көз ілмей, сары уайымға салынып қызмет етіп жатқан жастар мен қарттардың қатары көп. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек деп есептеймін. Осындай уақытта саудагерлер мен такси жүргізушілер елмен бірге болып, бағаны бірқалыпты ұстап тұрса мұның өзі халыққа зор демеу болар еді. Халықтың басындағы қиын-қыстау кезеңді пайдаланып, ақша тауып қалуға тырысу адамдықтан аттау деп есептеймін. Ел басындағы азаматтар нақты да ыждағатты қадамдарға барып, елдің игілігі үшін аянбай қызмет ететін жауапты сәтте тұр.

Раиса БИТКОВА,
Атырау облысы ҚХА ның «Светоч» Славян этномәдени бірлестігінің төрайымы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз