Атырауда мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек көрсетілуде? 

img 6599 Қоғам

Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекет қаражаты есебінен 8 арнайы жұмыс орындарын құру жоспарланып, бюджеттен 7,1 млн.теңге және мүгедектігі бар адамдардың жалақысын ішінара субсидиялауға 2,3 млн.теңге қарастырылды. 

Бұл шаралар кресло-арбамен жүріп-тұратын, есту және көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарықтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі. 

Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысы ай сайын субсидияланады. Ағымдағы жылы 8 мүгедектігі бар адамның жұмыс орындары арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналасты;

Мүгедектігі бар адамдар мен пробация есебінде және жазасын өтеу орындарынан босап шыққанадамдар үшін квота белгіленіп, мекемелер тізбесі бекітілді. 

Жыл бойы жұмысқа қабілетті мүгедектігі бар 1 182 адам хабарласып, оның 1 019-ына (86,2%)әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді.

– тұрақты жұмысқа орналасқаны – 273 адам (оның ішінде квотамен 77 адам орналасты);

– ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені – 328 адам;

– әлеуметтік жұмыс орнына – 17 адам;

– жастар тәжірибесіне 35 жас түлек жіберілді;

– «Алғашқы жұмыс орыны» жобасына 7 адам жіберілді; 

– «Күміс жас» жобасы шеңберінде 50-ден асқан 18 адам жұмысқа орналасты;

– Бастау-Бизнес жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 289 мүгедектігі бар адамдар жолданды;

– 4 адам ТШО арқылы оқу курстарына жолданды;

– 41 мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік грант алды (400 АЕК);

– 7 мүгедектігі бар адам арнайы жұмыс орындарына орналастырылды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз