Шаш қидырып, ауру жамап алмаңыз…

hair cutting and styling 6 Жаңалықтар

Сұлулық салонын, шаштараз қызметтерін пайдаланбайтын адам  жоқ  деуге  болады. Алайда, санитариялық талаптар қатаң сақталмаған орындарда түрлі аурулар таралуы мүмкін. Терiге татуаж, маникюр, педикюр, пирсинг басқа   да косметологиялық қызметтер көрсету кезінде вирусты «В» гепатиті және «С» гепатиті, педикулез,  қышыма,  лишай, микроспория  тағы басқа жұқпалы  аурулардың  таралу қаупі басым болып келеді.

hair-cutting-and-styling-6

Халыққа шаштараздық және косметологиялық қызмет көрсету нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес,  сұлулық салондары мен шаштараздарда эпидемияға қарсы режімді жүйелі ұйымдастырып, бақылауы керек. Әсіресе, қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазалау және стерилдеу режимін күн сайын нысан әкімшілігі  қадағалап отыруы қажет.

Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөнінде нұсқаулығы бар стерилизаторға немесе дезинфекциялау ерітіндісіне залалсыздандырылуы тиіс.

Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр тұтынушыдан соң дезинфекциялануы тиіс.

Келушiлерге қызмет көрсету үшiн міндетті түрде тек таза заттар қолданылады. Таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) әрбiр  келушi  үшiн  жеке қолдануды қамтамасыз еткені абзал.   Тұтынушының мойнындағы және бетіндегі қиылған шаш қалдықтарынан   тазарту таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізілуі қажет. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты (губка) қолдануға тыйым салынған.

Көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай құрамында кемінде үш  жеке жиынтық қорапшасы болған жағдайда жүргізіледі. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын персоналдар, яғни маникюр, педикюр, косметология мамандары  жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын «В» және «С» вирусты гепатит маркерлеріне тексерiлуі қажет.

Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында  қызмет көрсету  барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манпуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда    ашық    микрожаралар,   сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда қорғаныш заттарымен (саусақ кигіш, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер тұтынушылармен   жұмыс    істеуге   жіберілмейді.     Қызметкерлердің  жеке басы гигиенасы қатаң сақталуы тиіс.

Қызмет көрсетер алдында және қызмет көрсеткеннен кейін шебер міндетті түрде  сабынмен қолды мұқият жууы қажет. Косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптармен жұмыс жасауы қажет. Шаш бояуды қолғаптармен жүргізген дұрыс. Жұмыс залында  темекі шегуге, сонымен қатар, ас ішуге тыйым салынған. Персоналдар арнайы киіммен жұмыс жасауы қажет, жеке және арнайы киімді бөлек ұстау қағидаларын сақтауы тиіс.

Сәния ХАСАНОВА,

Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының

жетекші маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз