Сауатты адам – сау қоғам

97aea2b41e6e5d7f2f529eef711dee2a 1 Жаңалықтар

«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Еуро Одақтың қолдауымен Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында «Қоғамдық қатысу мектебі – Батыс Қазақстан» атты жобасын бастады.

Бұл жобаның мақсаты бұрынғыдан өзгерек. Бірлестік бұрын-соңды жүзеге аспаған тың бастаманы қолға алыпты. Нәтижесінде ауыл тұрғындары мемлекеттен берілетін ресурстарды тиімді пайдаланып, өмір сүру сапасын жақсартады деп жоспарланып отыр. Жоба аясында Батыс Қазақстанның жоғарыда аталған үш аймағында қоғамдық қатысу мектептері ұйымдастырылған. Оқу курсынан өткен тұрғындар жергілікті жердегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында 20 белсенді қоғамдық бастама көтеріп, 1000 еуро көлемінде қайтарымсыз қаражатқа ие бола алады. Гранттық қордың жалпы құны 20000 еуроны құрайды.

 – Атырау облысында жеті аудан бар. Әр ауданның өзіне тән географиясы, соған сай түрлі проблемасы бар. Мен облыстық мәслихаттың депутаты болғандықтан азаматтық кеңеспен тығыз қарым-қатынастамын, әрі жергілікті халықтың мұң-мұқтажын да жақсы білемін. Аталған жоба аясында Махамбет және Исатай аудандарында тренингтер өтті. Жергілікті халықтан қызығушылық, кері байланыс болғаны бізді қуантты. Бұл жобаның ауыл тұрғындарына берері мол деп есептеймін, – деді «Атырау облыстық Азаматтық Альянсы» президенті Әлібек Семғалиев.

Салтанат АҚТӘЖИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз