Экс-президенттің университет алдындағы ескерткіші неліктен алынды?

img 4825 Жаңалықтар

Елордада Ұлттық қорғаныс университетінде еліміздің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталуына байланысты қорғаныс министрлігі түсініктеме берді. 

Министрлік Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында тұңғыш президентінің ескерткішін бөлшектелген соң қайда қойылатынын атады. 

Қорғаныс министрінің бұйрығымен «тұңғыш президенті  атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақталуда тұр. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі, – деп жазылған ресми хабарламада. 

El.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз