Исатай ауданында мобилографтар байқауы өтті

img 5386 Жаңалықтар

Исатай ауданының Жанбай ауылында алғаш рет мобилографтар байқауы өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аудан көлемінде қызмет етіп жүрген мобилографтарға қолдау көрсетіп, өзара шығармашылық жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға Тұщықұдық, Қамысқала, Нарын, Исатай, Зинеден, Жанбай ауылдық округтерінен 7 мобилограф бақ сынады.

img 5383

Сайыс қатысушылары үш кезең бойынша өнер көрсетті. Бірінші кезеңде үміткерлер белгілі бір жанр бойынша көлемі 2-3 минут аралығындағы сюжет дайындап, ұсынды. Мұнда сюжеттің құрылымының сақталуы, интершум, лайф, stand-up жағы назарға алынды. Ал екінші кезеңде ұзақтығы 1 минуттан аспайтын үш түрлі орыннан түсірілген бейне материалдар көрсетілді. Бұл бағытта түсірілім кадрларын дұрыс алу, әр түрлі ракурста, жалпы, орта, үлкен пішінді көрсете білуі бойынша шарт қойылды. Үшінші кезеңде қатысушылардың шеберліктері мен жылдамдықтарын анықтайтын 20 минуттық тапсырма берілді.

img 5385

Байқауды қорытындылай келе, І орынды Тұщықұдық ауылдық округінен қатысушы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Айбол Жанесенұлы иеленсе, ІІ орынды жанбайлық, Исатай аудандық білім бөлімі мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Серік Бақтығалиев, ІІІ орынды Жанбай ауылдық округінен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің 2 курс студенті Диас Құспанов иеленді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз