«ATYRAU-AQPARAT» құрамасы қола медальға қол жеткізді

810fad08 9a51 4d0c a1c4 226e5d792ad4 Жаңалықтар

Футзалдан «ATYRAU-AQPARAT» құрама командасы Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін өткен турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Қызылорда облысында БАҚ қызметкерлері арасында футзалдан Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін ашық республикалық турнир өтті. «Еуразия» спорт кешенінде бас қосқан сегіз команданың арасында атыраулық журналистерден құралған «ATYRAU-AQPARAT» командасы да бар. Командалар екі топқа бөлінді. 

Біздің жігіттер В тобында «Қаламгер» (Қызылорда), «Qogam TV» (Қызылорда) және «Астана» командаларымен ойнады. Аталған командаларды («Қаламгер» – «ATYRAU-AQPARAT» 0:3; «ATYRAU-AQPARAT» – Qogam TV 5:2) жеңіп, елордалық әріптестермен тең түскен (2:2) «атырау-ақпараттықтар» плей-оффқа еш қиындықсыз өтті. Ал, жартылай финалда біздің команда «KazMedia»-мен кездесті. 

Екі тайм ішінде командалар тек бір-біріне гол салумен ғана болды. Ақыры, бәрін пенальти сериясы шешті. Біздің команданың алғашқы екі соққысы сәтсіз аяқталды. 

Есесіне, тап солай біздің қақпашы да қарсыластардың екі добын оп-оңай қағып алды. Алайда, бұл жолы астаналықтардың бағы басымырақ болды. Сөйтіп, біздің жігіттерге Шымкент командасымен кездесіп,  үшінші орын үшін таласуға тура келді. Бұл жолы да олар жеңіске деген ерекше ұмтылыстарын көрсетіп, ойынның соңғы минуттарында жеңісті қарсыластың аузынан жұлып алды десе де болады. Ойын нәтижесі – 2:1. Финалда «KazMedia» командасы «Kaz365.kz»-пен кездесіп, жеңіске жетті. 

459cc9de 5942 42e9 a26e dfbfffbbd3a0

«ATYRAU-AQPARAT» құрамасы: 

Нұрислам Ғұмар – Атырау қ. әкімдігінің баспасөз қызметі 

Данияр Мұхамбетов – «Новатор» газеті 

Әли Жайшылық – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі 

Бекарыс Төлеген – «Атырау-Ақпарат» ЖШС 

Алмас Текешев – «Атырау-Ақпарат» ЖШС 

Айдулат Сайын – «Qazaqstan» АҚ АОФ 

Қайсар Жетпісбаев – «Атырау-Ақпарат» ЖШС Ал, біздің құраманың капитаны 

Қайсар Жетпісбаев турнирдің үздік ойыншысы атанды. 

Ендеше, әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз