Тартысты сайыс

3779cf5c 4ae7 4009 bfb3 4fda80ffc00e Спорт

Атырауда өтіп жатқан облыстық маңыздағы сайыстар халықаралық мүгедектер күнінің құрметіне арналған. Жүріп-тұруы қиын және көруі нашар жандардың арасындағы спорт ойындары өзара тартысты өтуде.

2da68400 614b 4178 a1f3 01aff372a8b9

Абай орталығының базасындағы дәстүрлі жарыстарға барлық аудандардан сайыскерлер қатысуда. Қатысушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, паурлифтинг, голбол және үстел теннисі тәрізді алты спорт түрінен өтіп жатқан бәсекеде жақсы ойын үлгісін көрсетті.

2d41f9f1 c758 4a47 b56d 690860caf4dc

Мүгедектер спорт клубының басшысы Аманбай Қыздарбаев спортшыларға сәттілік тілеп, әрбір қатысушының осы ойынның нәтижелері бойынша 2023 жылы өтетін Параолимпиадаға қатысу лицензиясын жеңіп алу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз