Атыраудың кейбір аудандарында газ беру уақытша тоқтайды

3 Жаңалықтар

Бүгін «Атырау-Орал» тас жолы бойы 5 шақырымдай  жер асты газ құбырының апаты орын алуы себепті  Атырау қаласының кейбір ауданында уақытша газ беру тоқтайды, деп хабарлайды atr.kz

Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Бүгін «Атырау-Орал» тас жолы бойы 5 километрде жер асты газ құбырының апаты орын алды. Осыған байланысты жөндеу жұмыстарына орай Атырау ықшам ауданынан бастап Еркінқала елдімекеніне дейін газ беру уақытша шектеледі», – делінген таратылған ақпаратта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз