«Өлі жандар» үшін мемлекеттен ақша алған

2021 07 16 1c9fd3ab 2639 46df a9f5 d95bc3c20593 Құқық

Атырау қаласының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғады.

Бұл туралы Атырау қаласының прокуратурасы мәлі етті.

Атырау қаласының спорт үйірмелері «өлі жандар» сабағына мемлекеттік ақша алды.

Прокурорлық ден қою шараларымен түрлі спорт үйірмелеріндегі білім алушылар тізіміне «өлі жандарды» енгізу арқылы кәсіпкерлер заңсыз иемденген 405 423 теңге мөлшеріндегі сома бюджетке қайтарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, Үкіметке аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді және балалардың үйірмелерге, орталықтар мен жазғы лагерьлерге бару мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Талдау нәтижесімен Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын кәсіпкерлердің заңсыз иемдену фактілері анықталды.

Сондай-ақ, заңнамамен алынып тасталған «өзге де шығындарды» негізсіз қосу есебінен балалар музыкалық  мектептерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын заңсыз көтеру жағдайлары анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен қалалық саз мектептерінде бағаны 10%-дан астам көтеру заңсыз тәжірибесінің жолы кесілді және 2 730 баланың құқықтары қорғалды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз