Атырауға «Біз біргеміз» қорынан гуманитарлық көмек жетті

d4b243c3 c5c9 4669 96b2 93b2ddf19fa7 Қоғам

Бүгін Астана қаласынан Атырау облысына жеткен гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлікпен бірге, қажетті техникалар да бар.

Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, моторлы қайық, үлкен үрмелі 18 қайық, 58 генератор, 100 су соратын насос, 200 мың қапшық және бір уақытта 1000 адамға тамақ дайындалатын мобильді ас үй бар. Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа қол көмекке арнайы аспаздар да келді.

–Сонымен қатар, бүгін тағы да Астана қаласынан Төтенше жағдай министрлігінің қолдауымен 20 тонналық борт Атырауға ұшып келеді. Борт арқылы 3 тонна ет, су соратын техника, қайықтар жеткізіледі, – делінген жедел штабтың хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз