Тelegram-да таралған ақпаратқа қатысты облыс әкімінің орынбасары жазба қалдырды

img 5361 Жаңалықтар

Мектептерге шабуыл жасалатыны туралы таратылған жалған ақпарат бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram-арнасында жазба қалдырды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, еліміздің бірқатар қалаларында осындай жалған ақпараттар таралған.

“Құзырлы органдар тиісті әрекеттер етуде. Атырауда ертең мектептерде сабақ штаттық режимде өтеді. Дегенмен қауіпсіздік шараларын күшейтеміз”,- деп жазды Жасұлан Бисембиев.

0ece37ed d1b1 4ca2 99a4 b26006698bbc

Telegram-арнасында тараған ақпараттан қорқып қалған ата-аналар сынып чаттарында балаларын мектепке жібермейміз деп жазуда.

img 5362

Айта кетейік, бүгін осы тектес жалған ақпарат Ақтөбе қаласында да таралған болатын. Құзырлы органдардың жедел іздестіруімен күдікті ұсталды. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз