Қызылқоғада қауіп сейілді

434849770 2035636366818531 889894579570041112 n Жаңалықтар

Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылдық округінде су деңгейі түсіп, көпшіліктің бойындағы қорқыныш пен үрей сейілді. Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігі хабарлады.

Бүгін Тасшағыл ауылдық округіне қарасты Қоныстану елді мекенінде болған аудандық жедел штаб төрағасы, аудан әкімі Қанат Әзмұханов елді мекен тұрғындары мен еріктілердің жұмыс күшімен жасалып жатқан бөгеттерді аралады.

–Округ әкімі Гүлшара Нәдірқызының сөзінше, қазір округке су өз ағысымен келіп жатыр, Қоғам және Қоныстану елді мекендерінде сақтық шаралары күндіз-түні жүргізілуде. Қоғам елді мекені су қоршауында қалса, Қоныстануға су өз ағысымен келіп, бөгеттерге тиіп тұр. Бүгінгі күннен бастап судың деңгейі түсіп, қауіп сейілген, – дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қазір округ тұрғындарына гуманитарлық көмектерді жеткізуде 1 қайықпен қызмет көрсетіліп жатыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Қызылқоға ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз