Вандализмге жол жоқ

e744c9d2 5916 438d b688 79f3b4996885 Қоғам

         «Вандализмге жол жоқ!» ұранымен «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады.

            Оған «Жастар рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының мүшелері де белсенді атсалысты. Акцияға қатысқан қаладағы Атырау сервис колледжі мен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері қаладағы Жеңіс саябағында орналасқан ескерткіштерді тазалап, қоқыстарды жинауға көмектесті.

e744c9d2 5916 438d b688 79f3b4996885

            – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі екендігін айтқан болатын. Алайда, соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда орын алған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты Жастар қанаты ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны бастаған болатын.

4fef1387 dc8a 4173 a959 6ca865376fe0

Осы арқылы тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аударып, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруды көздейді, – деді «Жастар рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының кеңесшісі Жалғас Халелов.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз