Жайық Атырау қаласында қауіпті деңгейге таяды
Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентіндегі гидропостта бір тәулікте 5 сантиметрге артып, жалпы деңгейі 1038 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгейден 193 сантиметрге көп.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мамандарының хабарлауынша, Махамбет кенті тұсында өзен суы 11 сантиметрге өсіп, 966 сантиметрді көрсетті. Қауіпті деңгейден 116 сантиметрге артық. Ал Атырау қаласының гидропостында су деңгейі 7 сантиметрге көтеріліп, 545 сантиметр болды. Мұндағы қауіпті деңгей — 550 см. Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су төгілуде.
Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай мен Котяевка ауылдарының тұсында 4 сантиметрге төмендесе, Ганюшкино ауылындағы гидро бекетте 2 сантиметрге көбейді. Волгоград гидроэлектр бекетінен секундына 15 730 текше метр су жіберілуде.
Ал Жем өзені бір тәулікте тағы 1 сантиметрге азайды.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ