Атырауда секерден тапшылық жоқ (+ВИДЕО)

screenshot 20220313 234716 com.google.android.youtube Жаңалықтар

«Атырауда секер бағасы 500-600 теңгеден сатылып жатыр» деген ақпарат – жалған. Бұл туралы Atr.kz сайты хабарлайды.

«Анвар» ЖШС сауда менеджерінің айтуынша, қоймаларда секердің 20-30 тоннасы сақтаулы тұр. Орташа бағасы – 335 теңге.

Ал, «Идеал маркет» ЖШС директоры Әсет Ғалымжанның сөзінше, қазір «Идеал» мен «Лидер» супермаркеттерінде секердің екі айлық қоры бар. Қосымша тағы үш вагон сатып алынған.

«Идеалда» 359, «Лидерде» 349, ал, «Формат суперэконом» дүкенінде 335 теңгеден сатылуда. Осы орайда, мамандар тұрғындарды әлеуметтік желідегі дүрбелеңге ермеуге шақырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз