Жарнама
Жаңалықтар

Ортақшылда отбасы құндылықтары дәріптелді

Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында Отбасы күніне орай «Отбасым да – тарихтың бір тамыры» атты үлгілі отбасылармен кездесу кеші өтті.

Іс-шараға ауылдың өнегелі жанұялары – Аманғали отбасы мен Дәулетовтер отбасы арнайы шақырылып, қатысушыларға өмірлік тәжірибелері мен тәрбиелік мәні зор әңгімелерін ортаға салды.

7e1467aa 2560 48f0 9728 9a3ad266eac0

Тағылымды іс-шараның шымылдығын ауыл әкімі Алмас Ұзақбайұлы ашып, отбасы өкілдеріне алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Шара барысында ауылдың ақжаулықты аналары өнегелі отбасыларға баталарын беріп, ақ тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, ауылдың келіндері қонақкәде ретінде өз өнерлерін көрсетіп, салтанатты кештің шырайын аша түсті.

77832e7d d3a9 4a67 8e7b 01db8182462f

Қосарал орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Бақтыгерейқызы Отбасы күніне арналған тәрбиелік тренинг өткізсе, мәдениет үйінің басшысы Бексұлтан Маратұлы жүрекжарды тілегін білдіріп, поэзиядан үзінді оқыды.

Кештің соңында жас өнерпаз Аңсар Төлешова әсерлі ән шырқап, кітапханашы Әлия Өтепқызы дайындаған тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды.

9bbdaa4c 67da 42a8 9f14 8a2504c8ac07

Іс-шара ауыл халқының бірлігін, отбасы құндылықтарын дәріптеген мазмұнды әрі тағылымды кеш ретінде есте қалды.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button