
Жайық-Каспий каналының сағасында тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Жайық өзенінен Каспий теңізіне судың шығуын жеделдету мақсатында қазіргі тереңдігі небәрі 40-50 см болатын түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмысты аяқтағаннан кейін ені 20 метр болатын өзен сағасының тереңдігі 40-тан 200 см-ге дейін артады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу Жайық өзенінен Каспийге судың тиімдірек ағуына ықпал етеді.

Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жұмыстарды орындауда тиімділігі жоғары «Амфибия» экскаваторы да жұмысқа тартылады.
Жер снаряд — тереңдету жұмыстарын жүргізуге арналған техникалық флоттың кемесі.
«Төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тереңдету жұмыстары басталды, оларды жеделдетілген тәртіппен жүргізіп жатырмыз»,- дейді құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы