Атыраулық жастар арасында сурет байқауы өтеді

Жаңалықтар

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы жастар арасында сурет байқауын жариялайды.

ovtEexXdGMQ

Байқау 4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай өтпекші.

Сайысқа 14-29 жас аралығындағы кез келген жас суретшілер қатыса алады. Таңдалынып алынған байқау жұмыстары @zhasorta инста-парақшасына салынады. Ең көп лүпіл жинаған 10 қатысушы жарыстың екінші кезеңінен жолдама алады. Ал екінші кезеңде «Ретро-саябақта»  үміткерлерге арнайы тақырып пен уақыт аралығындағы жұмыстарын бітіруі тиіс, – дейді орталықтың баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар беріледі. Қосымша сауалдарды 8 788 160-38-77 байланыс нөмірінен біле аласыз.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз