Жарнама
Жаңалықтар

Тасқыннан қорғану жұмыстары толастамайды

Қызылқоға ауданында тасқын судың алдын алу жұмыстарына 3000-нан астам адам мен 83 техника жұмылдырылды.
Аудан бойынша ауыл іргесіне бөгет көтеру, қапшыққа құм толтыру, жағаларды биіктету жұмыстарына 1000-ға жуық мекеме қызметкері, 73 полиция, 145 төтенше жағдайлар департаментінің және ауыл тұрғындарынан 2000-нан астам ерікті жұмылдырылды.
Аудан бойынша 55 мың қапшыққа толы құм бөгеттің қауіп тудырған тұстарына салынды. Мұнда жалпы ұзындығы 45,7 км бөгет бар. Тасқын судың қауіптілігіне байланысты 28 км 350 метр бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар жалпы 83 техниканың көмегімен атқарылуда. Ойыл бойындағы округтерде 51 техника бар. Осы уақытқа дейін тасқын судың алдын алу бағытында округ тұрғындарының қол күшімен бөгет соғу, құм толтыру жұмыстары жүргізілсе, кешеден бастап облыс орталығынан арнайы техникалар мен еріктілер көмекке келуде.

Қызылқоға ауданының әкімдігі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button