Жарнама
Жаңалықтар

Төтеншеліктер мен сарбаздар Қызылқоғаға көмекке жетті

Қызылқоға ауданында көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 34 маман және 3 арнайы техника келіп жетті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

4b48551f e353 4c3d 92aa 0200bcc275b9

Табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұруға дайын жасақ бірқатар техникамен жабдықталды. Атап айтқанда, мамандарды қиындықсыз тасымалдау үшін «Урал» вахтовкасы, байланыс пен үйлестірудің сенімді арнасы – командалық-штабтық машина «КамАЗ» және жол талғамайтын, батпақ пен қар құрсауында қалмайтын әмбебап көлік – «Трэкол» келді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар ауданға қарасты 9 ауылдық округке бөлініп, әр елдімекенге жеке жауапты адамдар бекітілді. Олар су тасқыны қаупі бар аймақтарды тәулік бойы бақылап, өзен-көлдердегі су деңгейін өлшеп, қауіпті кезеңдерді болжап отырады. Сондай-ақ, тұрғындарды сақтық шаралары туралы ақпараттандыру және қажет болған жағдайда эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ су тасқынына қарсы шұғыл шараларды іске асыру жұмыстарын жүргізеді.

-Бүгінде аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп, су тасқынының алдын алу шараларын одан әрі күшейтіп отыр. Сонымен қатар, 21 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының №5546 әскери бөлімінен көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 60 әскери қызметші Миялы ауылына келді. Олардың құрамында 7 офицер, 10 келісімшарт бойынша қызмет атқарушы және 43 сарбаз бар.
Әскери бөлімше 5 бірлік техникамен – 1 «Газель», 3 «Урал» және 1 «КамАЗ» автокөліктерімен қамтамасыз етілді. Бүгінде олар аудан іргесінде қапқа құм қаптау жұмыстарын ұйымдастырып, қазіргі кезде 3680 қапшық құм төселді, — делінген баспасөз хабарламасында.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button