ЖаңалықтарСаясат

Сайлау бағдарламаларында ауыл шаруашылығындағы мәселелер қамтылса екен…

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы Үндеуін жолдады. Бұл жолы да ол қазақстандықтарды өзара ауызбіршілікке шақырды.

Осы орайда, сайлауға түсетін халық қалаулылары ел экономикасының негізі болып табылатын ауыл шаруашылығына өте зор көңіліп, назар аударса екен деп ұсыныс айтар едім. Бұл үшін сайлау бағдарламаларында ауыл шаруашылығындағы мәселелер қамтылуы тиіс.

Жалпы, сала еңбеккерлері қалыптасқан қиындыққа қарамастан тынымсыз жұмыс жасады. Бұған көктемгі егіс науқаны мәселелерінің оң шешім тапқаны дәлел. Иә, расымен де ел диханшылары осындай қысылтаяң кезеңде босбелбеулік танытпай, зор ыждахаттылықпен жұмылған жұдырық бола білді.

Ендеше, қашанда осылай бірлігіміз жараса жұмыстансақ, қандайма қиыншылықты да жеңіп шығатынымыз сөзсіз. Президентіміз айтқандай, ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмәніміз  жоқ.

Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ,

облыстық ауыл шаруашылығы ардагерлері бастауыш ұйымының төрағасы, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button