Атыраулық оқушылар жемқорлықты «әшкереледі» (+ФОТО)

2012110917468127g ФОТОГАЛЕРЕЯ

Атыраудың жас суретшілері жемқорлыққа қарсы республикалық конкурстың жүлдегері атанды.

«Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» ҚҚ «Адал еңбектің жарқын бейнесі» тақырыбында жас суретшілердің республикалық байқауын өткізді. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолдау көрсетті. Бұл конкурс халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған.

Байқауға еліміздің әр өңірінен 7-9 сынып оқушылары қатысқан. Ал Атырау облысынан 60 жас суретші бақ сынаған. Оның арасынан 10 үздік суретші мен 3 жеңімпаз анықталды.

Бірінші орынды Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Аида Діңқайыр иеленді. Ал, Ф.Досымова және М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептердің оқушылары Аружан Бибосын мен Жұлдыз Сағынованың суреттері екінші, үшінші жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздарға планшет, суретшіге арналған жиынтық, смарт сағат табысталды.

2012110917468822g
201211091816391e 1

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз