Махамбеттегі бөгет құрылысына 650 әскери қызметші тартылды

img 20240417 wa0059 Жаңалықтар

Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Аудандағы 21 елді мекеннің 17-сі Жайық өзенінің бойында орналасқан. Өңірдегі қорғаныс дамбыларын салу жұмыстарына волонтерлар, ауыл тұрғындары және еліміздің түрлі өңірлерінен келген әскери қызметшілер қатысуда, – деп хабарлайды облыстық жедел штаб.

– Біз Шымкент қаласындағы 35 748 әскери бөлімінен келдік. 300 әскери қызметші мен 17 дана техника бар. Махамбет ауданы басшылығының жағалау бекіту жұмыстары бойынша тапсырмаларын орындап жатырмыз,-дейді шымкенттік әскери қызметші Мирас Жанабилов.

Айта кету керек, Махамбет ауданы бойынша жағалау бекіту жұмыстары жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайды. Оның 20 шақырымы – жаңадан салынған дамбылар. Қазір Жайық өзенінің жағалауына топырақ салынған 800 мың қап төселген.          



Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз