Жаңалықтар
Аязда жолаушыларды тегін тасыды
Атырау тұрғыны Ерлан Күмісқалиев өткен аязды күндері жолаушыларды өзінің жеке көлігімен тегін тасыпты. Тіпті тоңып қалған әйелді үйіне апарып саламын деп, ойламаған жерден оның туыстары мен таныстарын тауып берді.
Екінші жолаушыны да ол жол бойынан кезіктірген. Ол да аязды күні екі сағат жарым бойы жолда тұрған. Жаяу кетіп бара жатқан жолаушыға бірде-бір көлік тоқтамапты. «Жолақысы болмағандықтан оны автобус алмай кетіпті. Адамдар, неге қатыгез болып барады?», дейді Ерлан Күмісқалиев. Ол аязды күні балаларды да тасымалдапты. Адамгершілікті бәрінен биік қойған Ерлан сияқты азаматтар көп болса ғой, шіркін.
Нұргүл Ысмағұлова