42 500: елімізде әлеуметтік төлем тағайындайтын жаңа сервис іске қосылды

plastic cards 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

42500.enbek.kz сайты төлем тағайындауды үш күн ішінде қарастырады. Және оған өтінім беру үшін ешқайда барудың керегі жоқ. Барлық операция ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ!

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды.

«Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис құрды», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында ашылды. МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1) 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) «жәрдемақы алу 42 500» таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;

7) өтініш жіберілді. Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

– орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

– жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК); – жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП); – бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

– карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.

http://atr.kz/bez-rubriki/prezident-pandemiya-m%d3%99selesin-euro-ke%d2%a3espen-tal%d2%9bylady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз